#Байзақ: АУДАНДЫҚ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНДА

#Байзақ: АУДАНДЫҚ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Үлгілі ауылдық «Әбдімажит» мешітінде жұма намазын өткізіп, мешіт жамағатпен кездесті.

Бақытбек Бауыржанұлы: «Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде қоғамға ізгілік нұрын сепкен ғалымдарды пайғамбарлардың мирасқорлары деп атап:

 «Шын мәнінде ғұламалар пайғамбарлардың мирасқорлары, пайғамбарлар динар да дирхам да мұра ретінде қалдырмады. Олар ілімді мұра етіп қалдырды. Кімде-кім оған қол жеткізсе, үлкен үлеске қол жеткізгені», – деген.

Жалпы ағартушы деп халықтың сауатын ашу, білім беріп, оқу, ағарту ісімен шұғылданатын адамды айтатын болсақ, біздің қазақ халқында да терең білімді, имандылықты өмірінің басты ұстанымы еткен, ағартушылықпен айналысып, артында өшпес мұра қалдырған тұлғаларымыз аз болмаған», - деді.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: