#Байзақ: БАС ИМАМ «БЕКБЕРГЕН АТА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

#Байзақ: БАС ИМАМ «БЕКБЕРГЕН АТА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Ботамойнақ ауылдық «Бекберген ата» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатпен сұқбаттасты.

Қанат Әділханұлы: «Асыл дініміз Исламда өзгелерге білім үйретіп, сауатын ашу, ағартушылықпен айналысудың маңызы өте үлкен. Алла Тағала қасиетті Құранның «Зүмәр» сүресі, 9-аятында: «Айтшы, білгендер мен білмегендер тең бола ма?» – деп айтқан.  

Ислам дінінде ағартушылыққа үлкен маңыз берілгендігін орта ғасырларда мұсылман елдерінде философия, медицина, эстетика, математика, астрономия тәрізді көптеген ғылым салаларының қауырт дамығанынан аңғаруға болады. Осынау орта ғасырларда ғылымның ерекше дамуына әл-Фарабидің, Әбу Әли ибн Синаның, Ибн Рушдтың, Бирунидің, Махмұт Қашқаридың, Игүнекидің, Баласағұнның және тағы да басқа ғұламалардың сіңірген еңбектері өте айрықша. Қазақ жеріндегі Отырарда дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фарабидің өзі ғылымның әр саласына қатысты 150-ге жуық ірі еңбектер жазды», - деп әр бір Ислам дініне еңбек сіңірген ақын жазушылардың еңбектеріне жеке тоқталды.

Жұма намазының соныңда жамағатпен елдің амандығы үшін дұға жасалды.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: