#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ ҚОСЫ БАТЫР АУЫЛЫНДА

#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ ҚОСЫ БАТЫР АУЫЛЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылдық «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы, әрі ауданымыздың 5-ші аймағының жетекшісі Туганасов Бауыржан Қосы батыр ауылдық «Қосы батыр» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатпен кездесті.

  Туганасов Бауыржан: «Адал ас адамның іс-амалының дұрыс болуына, ал арам ас ісінің бұрыс болуына әсер етеді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Муминун» сүресі, 51-аятында: «Таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер», – деп ізгі іс атқарудан бұрын астың адалынан жеуді бұйыруының бір сыры осында жатса керек. Демек, Алланың ризалығына бөлеп, ізгі іс атқаруды қалаған әрбір жан асының адалынан болуына аса мән беруі қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:

«Ақиқатында халал нәрсе де, харам нәрсе де белгілі. Бірақ бұл екеуінің арасында адамдардың көпшілігі білмейтін күмәнді істер бар. Күмәнді нәрселерден сақтанушы, өз дінін әрі абыройын сақтайды. Ал кім күмәнді істерден тыйылмаса, ол харамға тап болады. Ол біреудің қорығының шетінде қой бағып, олардың онда жайылып кетпесіне сенімді болмаған шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар. Алла Тағаланың қорығы – харам еткен нәрселері. Адам ағзасында бір кесек ет бар. Егер ол түзу болса, бүкіл дене дұрыс болады. Ал егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Біліп қойыңдар, шындығында, ол – жүрек», - деді.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: