#Байзақ: НАИБ ИМАМ АҚЖАР АУЫЛЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

#Байзақ: НАИБ ИМАМ АҚЖАР АУЫЛЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Ақжар ауылдық «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.

Бақытбек Бауыржанұлы: «Алла Тағала жер бетінде сансыз нығмет жаратып, оларды адамзат баласының игілігіне тарту етті. Белгілі бір уақыттарда пайғамбарлар жіберіп, адамзатқа ненің адал, ненің арам екендігін үйретті. Адам баласы бұл сынақ өмірде Жаратушымыздың біздер үшін адал еткен несібесінен пайдаланып, арам атаулыдан бойын аулақ ұстауы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара»сүресі, 168-аятында:

 «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің адалын әрі тазасынан жеңдер!» – деп бұйырған.  

Қазақ халқы қашанда адал ұғымына ерекше мән берген. Тарихқа үңілсек, ата-бабаларымыз тұлпарына доңыздың басқан шөбін жегізбей, адалдықты ұстанып, Алланың ақ жолынан жаңылмаған. Сондай-ақ адал жар, адал дос, адал ас, адал еңбек, адал перзент секілді т.б. ұғымдардың бәрі ұлтымыз үшін қасиетті құндылықтар. Үлкендеріміз бата бергенде: «Басқа амандық, асқа адалдық берсін», – деп тілеуінің өзі адалдық атаулының қаншалықты үлкен құндылық болғандығын көрсетеді. Ақын Қашқынбай Қожамбетұлы (1830-1870) бабамыз:

  ... Адам безер сараңнан,

Жарлы болып жүрсем де,

Жимадым малды харамнан! – деу арқылы, қандай қиын жағдай  болмасын, ешуақыт арам асты пайдаланбау керектігін өсиет еткен», - деді.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: