#РЫСҚҰЛОВТА ТАСАТТЫҚ БЕРІЛДІ

#РЫСҚҰЛОВТА ТАСАТТЫҚ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Қарақат ауылдарында ауыл тұрғындары ауыл маңына шығып тасаттық беріп, истисқа намазын оқып, Аллаға дұға қылып, шүкіршілік жасады. Ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Қарақат ауылының тасаттығына барып қатысып намаз бен дұғада бірге болып ортақтасып қайтты. Сонымен қатар, жиналған жамағатқа тасаттықтың мән-маңызы турасында сөз қозғап уағыз айтты.

Жаңатұрмыс ауылында да осылай ауыл маңына шығып нәпіл құрбандыққа 2 қой шалып, истисқа намазын оқып жамағатпен дұға жасалды. Тасаттық асы ауылдық «Қожай баба» мешітінің асханасында берілді. Бұл тасаттықтар тек қана жаңбыр сұрау үшін ғана емес, биылғы жыл шөбіміз шүйгін,  отты болсын, құтты берекелі жыл болсын деген ізгі мақсаттың негізінде атқарылды.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: