#Тараз: Соғыс құрбандарына Құран хатым сауабы бағышталды

#Тараз: Соғыс құрбандарына Құран хатым сауабы бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кеңесхан қажы" мешітінде 9 мамыр күні мешіт ұстазы Салтанат апа бастаған мешіт шәкірттері ІІ дүниежүзілік отан соғысында шейіт кеткен ата-бабаларымызға арнап құран оқыды.

Ұлан байтақ жерімізге ие боп қалуымыз үшін тер төгіп, қасық қаны қалғанша қорғап өткен ата-бабаларымызға, сұм соғыс жылдары тыл жұмыстарында еңбек еткен апа-әжелерге 9 рет Құран хатым оқылып, бүгінгі жиында сауабы бағышталды. 

Көпшілік бірлесіп дұғасын жасап, біз үшін елін-жерін мұра етіп қалдырған боздақтардың рухына Алладан мейірім сұралып, халқымыз үшін дұға жасалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: