#Рысқұлов: ИСТИСҚА НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

#Рысқұлов: ИСТИСҚА НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Көкдөнен ауылдық мешітінің имамы Алимбеков Бақытжанның бастамасымен ауыл тұрғындары ауыл маңына шығып истисқа намазын оқып, тасаттық үшін 2 қой құрбандыққа шалып, мешіт асханасында құдайы садақа берді.

Бақытжан имам тасаттыққа жиналған жамағатқа истисқа намазының мақсаты мен тасаттықтың артықшылығын айтыпғ уағыз-насихат жасады. Жиын соңынан Аллаға жалбарынып, жамағатпен биылғы жылымыз жұттан аман болуын және жауынды-шашынды берекелі жыл болуын тілеп арнайы дұға қылынды.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: