#Рысқұлов: «Менің алғашқы оразам» атты семинар өтті

#Рысқұлов: «Менің алғашқы оразам» атты семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Менің алғашқы оразам» атты мектеп жасындағы жасөспірімдермен семинар өткізді. Діни семинар Құлан ауылы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп лицейінің 200 ге жуық оқушылардың қатысуымен өтті. Жалпы, іс-шара аты айтып тұрғандай Рамазан айына және осы айдағы парыз оразаны алғаш тұтушыларға тікелей қатысты болды. Биыл мектеп оқушыларының ішінде мұсылманның бес парызының бірі болған оразаны ұстаушылар да көбейгені байқалды.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе дейінгі қауымдарға парыз етілгендей, тақуалыққа жету үшін сендерге де ораза ұстау парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят) деп баяндайды. Осы аяттың мағынасынан анық аңғарғанымыздай, тақуалыққа жету үшін мұсылман баласына ораза ұстау парыз етілген.    

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Алла өтірік айтуын және өтірікке сәйкес амал етуін тоқтатпаған адамның жеп-ішуін қойғанына мұқтаж емес» деген.

Иә, Алла біздің күні бойы ас-су ішпей, ашқұрсақ жүргенімізге мұқтаж емес. Ораза тәрбие мектебі болғандықтан, біз бұл айда барынша нәпсімізді тәрбиелеп, тақуалық жолын ұстануға тырысуымыз тиіс. Ораза ұстаған адам артық сөз айтпауға тырысады. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза – жай ғана ішіп-жеуден тыйылу емес. Ораза – бос сөз бен жаман сөзден тыйылу» деген.

Семинардан кейін жастар арасынан кейбірі оразаға қатысты сауалдарын қойып, дұрыс әрі нақты жауаптарын естіді.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: