#Жамбыл: «Қадір түнінің маңызы» насихатталды

#Жамбыл: «Қадір түнінің маңызы» насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Қадір түнінің маңыздылығы» тақырыбында тарауих намазының алдында мешітке келген жастарға уағыз-насихат айтты. Қадір түні Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні.

Қадір түні тек осы үмбетке тиесілі. Басқа пайғамбарларға мұндай ізгілікті түн берілмеді. Хадис шәрифте: «Алла тағала Қадір түнін үмбетіме сыйлады, басқа үмбетке бермеді» делінген. Уағыз соңында аудан имамына сұрақтар қойып, жастар жауабын алды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: