#Рысқұлов: «Дін мен дәстүр» аясында кездесу өтті

#Рысқұлов: «Дін мен дәстүр» аясында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушыларымен «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шараға  «Әл-хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханов қатысып,  дін мен дәстүрдің байланысы және айырмашылықтары туралы сөз қозғап, ара жігін ашып тарқатып берді.

Үмбет имам лекциясында: «Дін – адамның  ізгі қасиеттерін асқақтатып танытатын болса, дәстүр ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін қажет. Адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа толық жауап беру тиіс.

Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы білуі керек. Екіншіден, сол ұлттың дінін терең меңгергені жөн. Үшіншіден, сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс. Төртіншіден, сол ұлттың тарихын бес саусағындай білгені абзал. Бесіншіден, сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білуі парыз. Осындай бес сипаттаманы бойына дарытқан адам ғана сол ұлттың толыққанды өкілімін деп айтуға құқылы. Осы бір ұлт болып қалыптасу үшін берілген анықтамаларға көз салып ой жиегінен өткізер болсақ, барлық шарттардан адамдардың тілі, тарихы, діні мен дәстүрі сабақтастықтары тереңде жатқанын аңғарып түсінеміз», - деп өз ойын жеткізді.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: