#Рысқұлов: «Рамазан және бас имам сағаты» мектепте өтті

#Рысқұлов: «Рамазан және бас имам сағаты» мектепте өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Рамазан және бас имам сағаты» атты дөңгелек үстел өтізді. Бұл дөңгелек үстел Құлан ауылы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп лицейінің оқушыларының қатысуымен өтті. Жалпы, іс-шара аты айтып тұрғандай Рамазан айына және осы айдағы ұлы амал оразаға тікелей қатысты болды.

 Ауданның бас имамы бір сөзінде: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үмметім Рамазан айының не екенін білсе, жыл он екі ай Рамазан болғанын қалар еді». (Мүснәд Әбу Яғла)

«Рамазан айы – ұлық ай. Бұл айда оқылған нәпіл намаз, зікір, садақа және басқа осы тәрізді бүкіл нәпіл ғибадаттардың сауабы – қасиетті Рамазан айынан басқа кезде орындалған парыздардың сауабына тең. Кімде-кім бұл айда бір  парызын өтесе, Рамазан айынан тыс уақытта жетпіс парызын өтегенмен тең болады. Кімде-кім бұл айда ораза ұстаған біреуге ауыз аштырып ас берсе, бұл оның күнәларының кешіріліп, жаһаннамнан құтылуына себеп болады. Ораза ұстаушының сауабы еш кемімей, оған да сонша сауап жазылады. Кімде-кім бұл айда қол астындағы адамдардың ісін жеңілдетсе, Алла тағала оны кешіріп, тозақтан құтқарады.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) Рамазан айы кіргенде барлық құлдарды еркіне қоя беріп, кім не сұраса соны беретін. Кімде-кім бұл айда қайырымды, жағымды бір амал істей алса, ол адам жыл бойы қайырлы амал жасауға қол жеткізеді. Бұл айды қалай болса солай жүйесіз өткізген адам бүкіл жылды сөйтіп өткізеді. Бұл айды оңтайлы сәт санап мүмкіндігінше рухани тұрғыда бойын жинақтау үшін адам күш салуға тиіс,- деп насихат жасады.

 

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: