#Рысқұлов: «Отбасындағы ихсан» атты дөңгелек үстел

#Рысқұлов: «Отбасындағы ихсан» атты дөңгелек үстел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылы «Ақыртөбе» мешітінің имамы Нұрпейсов Батыр ауылдың жаңа үйленген жас отбасыларына ихсан бағыты бойынша «Отбасындағы ихсан» атты рухани тақырыпта діни - ағарту насихат жұмысын жасады.

Батыр имам сөз басында: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің хадисінде былай деген:  «Сендердің ең жақсыларың отбасы мүшелерімен жақсы мәміледе болғандарың» - деп, отбасымен жақын мәміле жасап олармен сырласып отыру керектігін айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің хадис-шәріптерінде: «Ер адам өз отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағылар үшін жауапты, әйел өз үйі мен балаларының бақташысы сол үшін жауапты» -  деген. Ер адам өз отбасын ас ауқатын, киім-кешекпен қамтамасыз ету қажет. Алла тағала Құранда "Аналардың нәпақасы шамасы жеткенше  баланың әкесіне қатысты" деп, тыңдаушыларға ой салды. 

Кездесу соңында қатысушылар Батыр имамға сұрақтар қойып, жауаптарын естіп, рақметін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: