#Рысқұлов: Жастар арасында футболдан жарыс өтті

#Рысқұлов: Жастар арасында футболдан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Каменка ауылы «Бәйдібек баба» мешітінің жамағаты арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Футбол жарысы Каменка ауылының футбол стадионында өтті.

Жарысқа бас-аяғы 5 команда қатысты. Жеңімпаздар мешіт имамының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс өткізудегі мақсат мешіт жастарын салауатты өмір салтына тәрбиелеу еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда қайырлы», - деген. Осы хадисті басшылыққа алған жамағат апта сайын жиналып, спортпен айналысып, футбол ойнап тұруға бірауыздан келісті.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: