#Талас: Ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті

#Талас: Ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы, "Ақтөбе" мешітінің имамы Берік Асылбек Сағатбекұлының ұйымдастыруымен жастар және ересектер арасында ұлттық ойындар: аударыспақ, арқан тарту, теңге ілу, қол күрестен жарыс өтті. Жарысқа ынталандыру мақсатында ақшалай сый-сияпат жасалып, мақтау қағаздары берілді.

"Мақсатымыз - екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан хайырлы", "Балаларға атқа мінуді, садақ атуды, жүзуді үйретіндер" деген сүннетін жүзеге асыру. Сонымен қатар, қазіргі өскелең жеткіншектердің көпшілігі телефонға телміріп, интернетке үңілген мына кезеңде жастарды ұлттық спортқа баулу, ширатып, шынықтыру болып табылады.

Осы орайда, шараға атсалысқан барша ағайынға алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта қоғам үшін пайдасы мол іс-шаралардың жалғасатындығын хабарлаймыз.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: