#Тараз: Көркем мінез жайлы насихат жүргізілді

#Тараз: Көркем мінез жайлы насихат жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әбу Бәкір ас Сыддық» мешітінде жамағатқа көркем әдеп турасында үгіт насихат жүргізілді.

Имам өз сөзінде: "Көркем мінез - адам бойындағы ұлы қасиет, әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы, жаратылысына байланысты. Әке-шешенің баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы. Айша (Алла оған разы болсын): Хазрет пайғамбарымыз (с.а.у) былай айтты: «Я, Алла тағалам! Жаратылысымды көркем  еткенің сияқты, мінезімді де көркем етші!» - деп дұға ететін деді" - деп түсіндірді.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: