#Рысқұлов: Құран аяттарының хикметтері айтылуда

#Рысқұлов: Құран аяттарының хикметтері айтылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауыл мешіттерінің жамағатына құптан намазынан алдын «Құран аяттарының хикметтері» тақырыбында уағыз айтылу үрдісі қалыптасты. Уағыз-насихатты ауыл мешіттерінің имам-молдалары жүргізуде.

 Алла Тағаланың нақты бір аятты не сүрені түсірудегі даналығын, хикметін түсіну. Мүмін адам Құран аяттарының түсу себебін үйренгенде имамы күшейіп, беки түседі. Ал шындықты іздеген мұсылман емес адам Алла Тағаланың адамзаттың пайдасы үшін, олардың бұл дүниедегі істерінің тура әрі шариғатқа сай болуы үшін оларға нұсқаушы, жол көрсетуші аяттар түсіргендігіне көзі жеткенде иманға келуі мүмкін. Мысалы, Алла Тағала адам баласының денсаулығына зиянды, қоғамның ілгері дамуына қауіп төндіретін  арақ атаулы ащы суларды біртіндеп, олардан аз-аздан алшақтата отырып тыйым салған. Себебі Ислам діні келгенге дейін арабтар арақ-шарап сияқты адамды масайтатын ащы сусындарды өте көп ішетін еді. Оларға арақты бірден харам ету тым ауыр соғатындықтан Алла Тағала алдымен арақ пен шараптың пайдасынан зияны көп екендігін баян етіп, уахи түсірген.  

Уағыздан кейін жамағат арасынан кейбір кісілер оразаға қатысты сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын естіді.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: