#Рысқұлов: «Арақ - күнәлардың анасы» атты үндеу жасалды

#Рысқұлов: «Арақ - күнәлардың анасы» атты үндеу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдардың имам – молдаларының бастамасымен «Арақ - күнәлардың анасы» атты кәсіпкерлерге үндеу жасалды. Осы үндеудің аясында ауылда дүкендері бар кәсіпкерлерді қасиетті айда арақ сатпауға шақырды. Көптеген кәсіпкерлер бұл үндеуге құлақ түріп, дүкен сөрелерінен арақ-шараптарды алдыртып тастады. Кейбір дүкен иелері тек қана осы рамазан айында ғана емес, жыл он екі ай арақ сатпауға келісімдерін берді.

Пайғамбарымыз с.а.с. бір хадисінде: «Арақ - күнәлардың ең үлкені, барлық жамандықтың бастауы, зұлымдықтың анасы», - деп айтқан екен. (Табарани) Cонымен қатар, Арақ ішу – мұсылмандықтан шығарып, иманнан алыстататын үлкен қылмыс. Арақ ішкен кезде адамның иманы оны тастап, одан көтеріліп кетеді. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Зинақор зина жасағанда мүмін емес, арақ ішіп жатқан кезде мүмін емес, ұрлық істеп жатқанда мүмін емес, тонаушы адам тонап жатқанда мүмін емес» (Бұхари).

  Арақ қоршаған ортаға тек зиян әкеледі. Оны жасаған да, ішкен де, апарған да бірдей күнәлі болып, Құдай Тағаланың қарғысына ұшырайды.

  Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: