#Тараз: Отыз күнге отыз уағыз жүргізілуде

#Тараз: Отыз күнге отыз уағыз жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде «Отыз күнге отыз уағыз» бастамасымен «Отбасындағы тақуалық» жайында уағыз айтылды. Уағыз намаздың алдында ашық түрде өтуде және кезкелген жамағат қатыса алады.

Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Жанұяңызда келіспеушілік немесе түсінбеушілік орын алды делік. Алланың разылығы үшін ашуыңызды ұстап, сабыр еттіңіз, керісінше, сол өткінші сынақты жақсылыққа қарай бұра білгеніңіз – сіздің тақуалыққа қарай қадам басқаныңыз. Сынақты, яғни жамандықты жақсылыққа айналдыра білу әр мұсылманның идеалы, әр істе үлгі алатын ұлық тұлғасы – соңғы пайғамбар Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) екені белгілі. Ендеше, біз, мұсылман үмбеті Алла Елшісінің бойындағы асыл қасиеттерден үлгі алсақ жеткілікті.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: