#Жамбыл: Рамазан шарапаты

#Жамбыл: Рамазан шарапаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің бастамасымен жүз қырық отбасына қайырымдылық жасалды. Ауылдық демеуші кәсіпкерлердің қатысуымен өткен шараға  бір миллион алты жүз сексен мың теңге қаражат жұмсалды.  Рамазан айы – мұқтаждардың жоғын жоқтап, сауап ниетімен жәрдем беріп, қайырымдылық көрсетіп, жомарттық танытатын ай. Ал жомарттық – Исламдағы өзгелерге көмек көрсетуде сауабы мол амал.  

Жомарттық жасайтын адам  тек Алланың ризашылығын көздейді. Қазақ халқы мұндай адамды «қолы ашық, жаны жомарт адам» - деп бағалаған. Мейлінше, қасиетті Рамазан айында көп жақсылық жасап, қайырымдылықпен шұғылданғанымыз абзал болмақ!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: