#Жамбыл: Жылулық сыйла

#Жамбыл: Жылулық сыйла

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің ұйымдастыруымен мұсылман баласының қасиетті  болған Рамазан айында  он үш отбасына қайырымдылық жасалды. Жалпы  қайырымдылық бойынша жүз отыз мың теңге қаражат жұмсалды. Жомарттық –  адам  қасиеттері мен көркем мінездерінің бірі.  Дана халқымыз: «Кең болсаң кем болмайсың» – деп қанатты сөз қалдырған. Жомарттық екі түрі болады Зати және Рухани.  

Зати жомарттық – Ораза кезінде көп садақа беру, дәулет иесінің зекетін беру, мұқтаждарға қол ұшын беру, ораза ұстағандарға ауыз ашар беру.

Рухани  жомарттық – Рамазан айының құрметіне кешірімді, рухымды, ілтипатты болу, мұқтаж және қиналған адамдардың көңілін аулау, жақсы сөз айтып, жылы шырай таныту.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: