#Байзақ: РАМАЗАН АЙЫНДА ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРАН ТАБЫСТАЛДЫ

#Байзақ: РАМАЗАН АЙЫНДА ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРАН ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде діни сауатын ашып жатқан шәкірттерге жамағат алдында Құран кітап табысталды.

     Кітап табыстау шарасына арнайы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысты.

     Қанат Әділханұлы шәкірттерге: «Бұл Құранды үйренуіміз баршамызға міндетті. Сіздер Рамазан айында Құранға түсіп қасиетті кітапты қолдарыңызға алып жатырсыздар. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Оқы сені ұйыған қаннан жаратқан Раббының атымен оқы», - десе пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Құран оқыңыздар. Себебі Құран өзін оқушыларға қиямет күні шапағатшы болады», - деу арқылы бізге құранға құрмет көрсетіп, ішінде жазылған аятқа амал жасауға шақырады», - деді.

Аудан бас имамы Құранға түскен Баржаксин Жандос, Жандар Қилыбаев, Абай Кушинбаев, Аслан Асылханұлы, Абдулсабыр Досмухамет, Ислам Нұриддин, Демеу Нұрғалиұлы, Өмір Дидар сыңды шәкірттерге Алланың кітабын сыйға тарту етті.

Шара соныңда шәкірттерге аудан бас имамы батасын беріп, қари болып шығуларын тіледі.

«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: