#Тараз: Рамазан айында қайымдылық шараларының саны артты

#Тараз: Рамазан айында қайымдылық шараларының саны артты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуіміз қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның Сәбә сүресінде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» - деп келтіреді.

Рамазан айында осындай өсиеттерге амал еткен Тараз қаласының мешіттерінде қайырымдылық жасалды. Атап айтсақ, «Шейх Зуннун» мешіті бір қойдың етін 3 отбасыға және «Ар Рахман Ар Рахим» мешіті 9 отбасыға азық-түлік пен көмек берді.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін  ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: