#Тараз мешіттерінде 250 адамға арналған ауызашарлар берілуде

#Тараз мешіттерінде 250 адамға арналған ауызашарлар берілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының мешіттерінде Рамазан айында ораза ұстаған жандарға ауызашар беру жалғасуда. Баршамызға мәлім  Рамазан айының келуімен ауызашар беру көбейе түседі.

Бұл жайлы Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев тілге тиек етіп: "Ауызашар берудің сыры - адамдардың бір-біріне деген бауырмалдық, жомарттық сезімдері арта түседі. Ауызашар берудің сауабы өте мол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деген - деді.

«Әулие ата» мешіті мен қаламыздың көптеген мешіттерінде 200-250 адамға ауызашар берілуде. Пайғамбарымыздың хадисинді келгендей қара сумен болса да ауыз аштыруға ат салысып жүген бауырларымыздың амалдары қабыл болсын.

"Әулие ата" мештінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: