#Шу: "Ж.Жиенбет" мешітінің ауласы гүлге толды

#Шу: "Ж.Жиенбет" мешітінің ауласы гүлге толды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Ж.Жиенбет" мешітінің ауласы тазартылып, ішіндегі кілемдер мен көрпелер күнге жайылды. Абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, мешіт ауласына 9 түп раушан гүлі, астра тұқымының ерекше 4 түрінен және шүкір гүлдері егілді.

Мешіт имамы Шүкірәлі Бердібеков бастаған мешіт қызметкерлері "бисмилләмен" гүлдердің тұқымын сеуіп, 25 түп ағаш отырғызды. Атап айтсақ, оның ішінде: 4 түп алма ағашы, 15 түп қара өрік, 6 түп ақ, қан қызыл, күлгін сирен ағашы да бар. 

"Мешіттер бізге аманат, сондықтан әсемдігі мен көркі және тазалығы да біздің жауапкершілікте" - дейді имам. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: