#ТАРАЗ: "АР-РАХМАН АР-РАХИМ" МЕШІТІНДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА АТАП ӨТІЛДІ

#ТАРАЗ: "АР-РАХМАН АР-РАХИМ" МЕШІТІНДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА АТАП ӨТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласына қарасты «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді Назарбайұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласында Наурыз мерекесі тойланды. Наурыз думанына мешіт маңайында тұратын тұрғындар мен мешіт шәкірттері қатысты. Айтулы жиын Құран Кәрім аяттарын оқып, өмірден озған ата-бабаларға бағыштаумен басталды.  

Қариялар бата беріп, насихат айтып өз қуаныштарымен бөлісті. Басқосуда мешіт имамы Ембергенов Амангелді Наурыз мерекесін тойлаудың шариғаттағы үкімі, Наурыздың мән-мағынасы, тарихы сынды тақырыптарда сөз қозғап, жамағатты Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, жамағат ұлттық тағамдардан дәм татып, бір-бірлеріне ақ тілектерін айтып жатты.  Ар-Рахман Ар-Рахим мешітінің әйел-қыздар секторы ұстазы Зора Айдарованың басшылық етуімен әйел-қыздар келген жамағатқа арнап дастархан жайып аянбай қызмет етті.

Әйел-қыздар жоғары деңгейде белсенділік таныта білді. Әйел-қыздар мұнымен шектеліп қалмай, өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда бүлдіршіндер өлең шумақтарын айтып, ән салып, жиынның көркін кіргізе түсті. 200 кісіге арнап ұйымдастырылған іс-шараға өзбек ұлты мен дүнген ұлтының өкілдері көп қатысатын болғандықтан бесік салар, тұсау кесер сынды қазақ дәстүрі көрсетіліп, салт-дәстүріміз кеңінен насихатталды. Әйел-қыздарға арнап мешіт тарапынан сыйлықтар таратылды.

Ар-Рахман Ар-Рахим мешітінің баспасөз қызметі     

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: