Қасқабұлақ ауылында жаңа мешіт ашылды

Қасқабұлақ ауылында жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының бірінші күні Талас ауданы Қасқабұлақ ауылында жаңа мешіт ашылды. "Әбілхан қажы" есімі берілген мешітінің ашылу салтанатына Алматыдан арнайы ат терлетіп келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысты. 

Әбілхан қажының жақындары, бауырларының демеушілігімен бой көтерген мешіттің салтанатты жиынына ауыл тұрғындары, ел ағал жиналды. Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатқанов құран оқып, наиб мүфти  Кенжеәлі Қоңыратбайұлы дұғасын жасады. 

Қанатбек Мәдібек сөз сөйлеп, көпшілікті келіп жеткен ораза айымен құттықтады. Наиб мүфти мешіттің ресми лентасын қиып, қасиетті Құран Кәрім кітабы мен аяттар ойылып басылған үлкен сағатты сыйға тартты. Көпшілік мешіт ішіне кіріп, дұға жасады. 

Айтулы іс-шарадан соң Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мешіттің ауласына тал отырғызды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: