#Меркі: Наурыз мейрамында Ұлттық нақыштағы киім, салт-дәстүріміз насихатталды

#Меркі: Наурыз мейрамында Ұлттық нақыштағы киім, салт-дәстүріміз насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты мешіт имамдары қазақтың ұлттық мерекесі болған ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамында ұлттық киім киіп, салт-дәстүрімізді насихаттады.

Алла Тағала Құран кәрімде әрбір қауымды ұлт пен ұлысқа бөліп жаратқандығын айтады. Әрбір ұлттың өзіндік өмірлік салт санасы дәстүрі бар. Осы орайда аудан имамдары қазақтың ұлттық санасын сақтап қалу үшін, наурыз мейрамында ұлттық нақыштағы киім киіп, салт-дәстүрімізді дәріптеуде. Онымен шектелмей мешіттерімізде дін мен дәстүр насихатталуда.

Алла Тағала қазақтығымызды жоғалтып қоюдан сақтасын, елімізге амандық, жерімізге тыныштық берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: