#Тараз мешіттерінде тарауық намазы оқылуда

#Тараз мешіттерінде тарауық намазы оқылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Баршамыз асыға күткен Рамазан айы келіп жетті. Аталған қасиетті Рамазан айының құрметіне Тараз қаласының мешіттерінде күнделікті 20 рәкаттан тұратын тарауық намазы басталады. Осы айдың кіруімен қалалық орталық "Әулие ата" мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды.

Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев тарауық намазынан алдын жамағатқа Рамазан айының қасиеті тұрғысынан насихатын айтты. Халықты айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиналған жамағат мешітке лық толды. Бас имам құптан намазынан соң көпшілікте тарауық намазында Құран хатымын түсіретін қариларды таныстырып өтті.

Берекеге, кешірімге толы, теңдесіз нығметтер айы қасиетті Рамазан баршамызға мүбарак болсын!

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: