#Байзақ: КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНДА

#Байзақ: КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының ұйытқы болуымен Түймекент ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында көшпелі семинар өтті.

Семинарға ауыл имамдары мен ауыл ақсақалдары және жастар қатысты.

Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: "Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. Қазақта сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ата-әжелердің бәрі, кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленген. Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбар (Алланың игілігімен сәлемі болсын): «Кіші үлкенге сәлем беру керек», - деген (Бұхари). Пайғамбар (Алланың игілігімен сәлемі болсын) үмбетіне айтқан өсиеттерінде үлкендерді сыйлап, жастарға мейірімді болуды тапсырған. Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбар (Алланың игілігімен сәлемі болсын): «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», - деді.

Ауыл ақсақалдары жастардың сауатын көтеруге байланысты және дәстүрді дәріптеуге байланысты ұсыныстарын айтып, тың ойларымен бөлісті.

 "Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: