#БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТҮЙМЕКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

#БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТҮЙМЕКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Түймекент ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге «Түймекент» мешітінің имамы Абдуахад Абдуманнан, «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы Бауыржан Туганасов , «Аймантөбе» мешітінің молдасы Кенжехан  Рахманов және ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты.

Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: "Біздің осында жиналып сіздермен бас қосудағы мақсатымыз қоғамда болып жатқан өзекті мәселе – жаназа, жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру болып табылады. Жаназа шығарылатын үйде үш күнге дейін қазан асылмауы керек. Бұл той емес, қаза. Осы себепті көрші-қолаңдары қолдау көрсетіп қаза болған үйге ас пісіріп алып келгендері дұрыс. Себебі Пайғамбарымыз (Алланың игілігімен сәлемі болсын) хадисінде: «Жағфардың үйіне тамақ алып барыңдар. Өйткені олар қазір қайғырып жатыр», - деген екен сахабаларына" - деп атап өтті.

Қабір басында шапан, ақша тарату тоқтатылсын. Себебі өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады», - дейді қазақ.

Осы кездесуде ауыл қариялары кезек-кезегімен сөз алып, аудан бас имамының бастамаларына колдау көрсететінін жеткізді.

"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: