#Қордайдан Түркияға 3 жүк көлігі 1 газель жылу жөнелтілді

#Қордайдан Түркияға 3 жүк көлігі 1 газель жылу жөнелтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия мен Сирияда болған зілзала қалалардың тас-талқанын шығарды. Талайлаған адамдар мерт болып, көп балалар жетім, жесір, отбасысыз қалды, жақынынан айырылды. Осындай ауыр сәтте бауырлас мемлекетке Қазақстан тарапынан көмектер жеткізілуде. 

Күні кеше Қордай ауданынан жылу жиналып, Алматы қаласына жеткізілді. Көрпе, жастық, матрас, азық-түлік, памперс сынды барлық қажеттіліктер салынған 3 жүк көлігі мен 1 газель жөнелтілді. 

Сапарға шыққан көмек көлігін шығарып салу үшін имамдар, белсенді жамағат жиналып, сәт-сапар тілеп, дұға жасап, бата берді. 

Алла сын сағатта сыналған барша бауырларға жәрдемші болсын!

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: