#Қордай имамдары жылдық жоспармен танысты

#Қордай имамдары жылдық жоспармен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде өңірге қарасты имам молдалардың келілі бас қосуы өтті. Аудан бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен наиб имамы Нұрбол Солтанбек дін мамандарына 2023 жылғы жылдық жоспарды таныстырды.

Имамдарға діни басқарма бекіткен биылғы 5 негізгі бағыт бойынша ақпарат берілді. Атқарылатын жұмыстар мен олардың мақсат-міндеті тілге тиек болып, арнайы тапсырмалар жүктелді.

Еске сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған "Ислам және ізгі қоғам" жылында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу – ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттарына басымдық берілмек.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: