Әйел-қыздар секторының өкілі оқушылармен жүздесті

Әйел-қыздар секторының өкілі оқушылармен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Жазира Иманалиева Жамбыл ауданы Айша бибі ауылыннда мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. 

Арнайы шақыртумен барған білікті ұстаз "Жат діни ағым және қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында насихат жүргізді. №7 орта мектебінің  директоры Рабиға Мұсатаева бастаған ұстаздар мен оқушылар ұстазға өз сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алды. 

«Қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тыйым» жасау халқымыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергендігін көрсетеді. Ата-бабаларымыз бүтін бір ауыл болып ұйып, жас өскіннің тәрбиесін қадағалап, оларға жол көрсетіп, ақыл айтып, бағыттап отыруды парыз санаған. Қыздың тәрбиесі – бүкіл бір ұлттың тәрбиесі деп білген. «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi»,  «Шешесі отырып,  қызы сөйлегеннен без» деп, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке баулып отырған. Дүние есігін ашып, ес білген шағынан ата-ананы, үлкенді сыйлау керектігін үйреткен. Осының мән-жайын жіліктеп түсіндірген ұстаз көпшіліктің көкейінде түйінді ой қалдырды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: