#Қордай имамдары Түркия мен Сирия үшін дұға жасады

#Қордай имамдары Түркия мен Сирия үшін дұға жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай өңірінің имамдары Түркия мен Сирия елдінде зілзала салдарынан зардап шеккендерге арнап арнайы дұға жасады.

Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған ауыл имамдары бауырлас мемлекетке "сынақтарына жеңілдік беруін, аман-есен шығуын, қаза болғандарды рахымына алуын, табылмағандар аман боп отбасыларымен қауышуын" тілеп, дұға қылды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Алла тағала өзіне дұға жасаған барлық адамның тілегіне жауап береді. Оның дұғаларға жауап беруі – дұға жасаған адамға сұрағанын беруі арқылы, яки, дұғасының сауабын ақыретке жинауы немесе жасаған дұғасының көлеміндей күнәсін кешіруімен болады. Бірақ кісі күнә нәрсені немесе туысқандық қатынастың үзілуін тілемесе әрі дұғам қабыл болмады деп асығыстық жасамаса болғаны»– дейді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: