#Тараз: "Жасыл ел - Тараз" қызметкерлері мешітте ыстық шаймен жылынды

#Тараз: "Жасыл ел - Тараз" қызметкерлері мешітте ыстық шаймен жылынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кеңесхан қажы" мешіті Әйел-қыздар секторының ұстаздары мен шәкірттері мешіт маңында жұмыс жасап жатқан "Жасыл ел - Тараз" қызметкерлеріне қамқорлық көрсетті. 

Мешітте діни сауат ашу курсында оқып жатқан әжелер, қыз-келіншектер түрлі тіскебасар тағамдар пісіріп алып келіп, ыстықтай самса, пирожки т.б мен бірге сүтті ыстық шай таратты. 

Аязда қала тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген қызметерлерге жылынып, күш жинап алсын деген ниетпен аулаға үстел ұйымдастырылып, жұмыс арасында әлденіп алуға жағдай жасалды. Жасы үлкен әжелер мен қыздар ыстықтай шай тасып сауапты іске мұрындық болды. 

Мешіт ұстазы Зейнеп Үсенованың айтуынша, бұл жағдай шай ұйымдастырушылардың да шайға келушілердің де жүрегін жылытып, көңілге қуаныш ұялатты.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: