#Т.Рысқұлов: Мешіт қызметкеріне алғыс

#Т.Рысқұлов: Мешіт қызметкеріне алғыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Тасшолақ ауылы «Тасшолақ» мешітінің қызметкерінің еткен еңбегі еленіп, қылған қызметі үшін алғыс білдірілді. Ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы арнайы барып, іс-шараға қатысып, мешітке Алла ризалығы үшін қызмет етіп жүрген ағамызға алғыс хат ұсынды.

 Хәкім Абай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» дегеніндей ұзақ жылдар мешіт қызметіне қосып келе жатқан үлкен үлесіңіз үшін аудан имамы және жамағат атынан алғысымды білдіремін. Алла Тағаладан сізге денсаулық, отбасыңызға амандық, қайырлы ғұмыр тілеймін!", - делінген алғыс хатпен бірге Құран Кәрім мен сыйақы ұсынылды. 

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: