#Тараз: Күннің суығындағы жүрек жылытқан қамқорлық

#Тараз: Күннің суығындағы жүрек жылытқан қамқорлық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы қыс өткен жылдардан суығымен ерекше. Ал ауа райына қарамастан қаланың көркін келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жүрген "Жасыл ел - Тараз" қызметкерлеріне тұрғындардың разылығы шексіз.

Тараз қаласы мешіттері қақаған суықта еңбек етіп жүрген осы 50 адамға ыстық шай мен ыстық бутерброд таратты. Имамдар суығы сүйектен өтетін далада адал еңбектерін атқарып жүрген қызметкерлерге шексіз алғысын білдіріп, құрметтерін жеткізді. 

Мұндай жүрек жылытар қамқорлыққа "Жасыл ел - Тараз" қызметкерлері алғыстарын айтты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: