Тараз қалалық "Әулие ата" мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

Тараз қалалық "Әулие ата" мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны жұмада Тараз қалалық "Әулие ата" мешітіне жаңа бас имамды  тағайындау үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы барды. 

Облыс бас имамы жұма уағызын айтып, сонымен қатар мешітке бас имам қызметіне келген Ержан Аманбаевты жамағатпен таныстырды. 

Айта кетейік, Ержан Аманбаев бұл уақытқа дейін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған. Сондай-ақ өңірдегі қажылық, зекет және қайырымдылық, жастар ісі секторы, Уақып қоры, Ихсан сынды бағыттар бойынша белсенді қызмет атқарған белікті маман. 

Бейбіт Әліпбекұлы Ержан Маханұлының жетістіктері мен білімін тілге тиек етіп, ісіне сәттілік тіледі. 

Мешіт ақсақалдары батасын беріп, қуаныштарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: