"Қамқор Шарапат" жұмысы пысықталды

"Қамқор Шарапат" жұмысы пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен Тараз қаласы имамдарының жиналысы өтті. 

Жиында "Қамқор Шарапат" орталығының өңірдегі жұмысы талқыланды. Қала мешіттерінің имамдарымен ақылдаса отырып жер мәселесі, мәйіт таситын көлік, катафалка, орталық мешіттің жанынан бой көтеріп жатқан мәйітхана мәселелері қарастырылды. 

Жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында орын алып жатқан жайттар талқығы салынып, шешімі шығарылды. "Қамқор Шарапат" орталығының Жамбыл облысындағы жауапты маманы Халид Қожахметовтың айтуынша, мәйітхана құрылысы тәмәмдалып қалған көрінеді. Кезектегі шара ішіне қажетте құрылғылады алу. Оның бірі - мәйітке арналған мұздатқыш.

Бүгінде "Қамқор Шарапат" орталығынан тарайтын журнал қаладағы әр мешітке жеткізілуде. Әрі өткізілген жаназалар арнайы тіркеліп отырмақ. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: