#Тараз: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСІҢНЕН КӨРІНЕДІ

#Тараз: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСІҢНЕН КӨРІНЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы бастаған шәкірттер тобы кезекті қайырымдылық шарасын өткізді. Әр ай сайын 3 отбасыға көмек көрсетеміз деп мақсат құрған жастар мешіттен тек дін білімін алып қана қоймай игілік жасауды да әдетке айналдырмақ. 

Бірнеше жылда бір болатын мына суықта 3 отбасыға қажетті барлық азық-түліктерін табыстап, жәрдем қолын созған жастарға көпшілік разылықтарын білдірді. 

Азық-түлік толы себеттерді Зейнеп Үсенова мен шәкірттері таратып, отбасылардың батасын алды. 

Хақ Тағала Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген насихатын есте ұстай жүрейік. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: