#Шу: 20 отбасыға қайырымдылық жасалды

#Шу: 20 отбасыға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс. 

Осындай игілік Шу ауданы "Төле би" мешітінде ұйымдасырылды. Қайырымдылық науқаны аясында 20 отбасыға көмек көрсетілді. Мешіт жанындағы қайырымдылық қорының атсалысуымен қыстың суық күнінде азық-түлік табысталды.

Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы жиналғандарға сабырлық туралы уағыз-насихат жүргізді. Көпшілік ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: