#Шу: Аудан бас имамы Балуан Шолақ ауылында жұма уағызын жүргізді

#Шу: Аудан бас имамы Балуан Шолақ ауылында жұма уағызын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Балуан Шолақ ауылы "Қойайдар" мешітінде жұма намазын өткізді.

Бас имам нәпсіні тәрбиелеу жолдары турасында уағыз жүргізіп, жүрек тебірентер насихат айтты. Имам өз сөзінде: 

"Адам баласының жақсылыққа да, жамандыққа да бейім екендігі белгілі. Пенде бойындағы адамшылықтың шыңына бастар асыл қасиеттердің жиынтығы «ар-ождан» деп аталса, керісінше, кері тартып, кісіліктен  бездіретін күшті – нәпсі дейміз. Ар-ұят, адалдық, әдептілік, жанашырлық секілді адамгершілік қасиеттер – ұжданға тиесілі болса, тәкәппарлық, көре алмаушылық, мақтаншақтық, жалқаулық, дүниеқоңыздық сынды жағымсыз мінез-құлықтар – нәпсіге тән" - деп атап өтті. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: