Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде 60 шәкірт Құранға түсті

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде 60 шәкірт Құранға түсті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева мен "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстаздары Жібек Қолағұлова, Нұргүл Алиханқызының ұйымдастыруымен "Құран кеші" өтті.

Аталған рухани кеш қасиетті Құран аяттарымен басталып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың насихат сөзімен ашылды. Жиынға "Әжелер алқасы", ардақты ұстаздар, шәкірттер мен жамағат қатысты.

Облыстық мешітте діни сауат ашу курсында ілім алушы қыз-келіншектердің құрметіне жасалған кеште Құранға түскен 60 шәкіртке құрмет көрсетілді. Шарада Құран тақырыбында, Алланың кәләмына деген махаббат тақырыбында уағыздар айтылып, қызықты ойындар ойнатылды, сонымен қатар мәні терең бейнероликтер көрсетілді.

Айта кетейік, сауат ашу курсында орталық мешіттің өзінде "бастауыш" топта - 95 шәкірт, "Құран жаттаушы" топта - 40, "орыс тілді" топта - 20, "әжелер" тобында - 25 адам, жалпы, 200-ге жуық қыз-келіншектер мен апалар білім алуда.

Рухани ортаға, білімге толы жиын соңында барлық қонақтарға қасиетті Құран кітабы тарту етілді. Алланың кәләмі жазылған кітапты сыйға алған жамағаттың қуанышында шек болмады. Шараға 150-ден астам адам қатысқан болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: