#Т.Рысқұлов: "Мұрат баба" мешіті күрделі жөнделді

#Т.Рысқұлов: "Мұрат баба" мешіті күрделі жөнделді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылы «Мұрат баба» мешіті 2021 жылы мешіт шатырына жөндеу жұмыстары жасалу үстінде өрт шығып мешіт түгелдей өртеніп кеткен болатын.

 «Мұрат баба» мешітінің имамы Бақаш Құрманбектің бастамасымен ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жасалып пайдалануға берілді. Ауыл имамы мешіт жөндеу жұмысының аяқталып мешіттегі құлшылықты бастау үшін кішігірім ашылу салтанатын ұйымдастырып, мешіт асханасында арнайы ас берді.

Ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы барып, іс-шараға қатысып, мешіт құрылысына демеуші болған 15 шақты кәсіпкерге өз атынан рақмет айтып, алғыс білдіріп, алғыс хат ұсынды.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: