#Меркі ауданы: Келелі кездесу жасалды

#Меркі ауданы: Келелі кездесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйытқы болуымен аудандық мешітте келелі жиын өтті.

Жиынға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Нәрікбаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы мен ішкі саясат бөлімінің маманы Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы қатысты.

Жиында бір қатар мәселелер көтерілді. Соның бірі имам–молдалардың қоғамдағы орны, жүріс-тұрысы және әлеуметтік жағдайы сөз болды. Сонымен қатар мешіттің жағдайы, ішкі-сыртқы тазалықтары мен бейнебақылау камераларының жұмысы айтылды.

Және де қоғамда өзекті болып тұрған тақырып ысырапшылдықтың алдын алуда нақты қадамдар жасалу керек екендігі сөз болды. Атап айтсақ той мен Құдай ас пен жаназадағы дастархан, асабалардың әдепсіздігі, қарттарымыз бен жастарымыздың тойдағы ерсі қылықтары аталып өтті.

Алдағы уақытта әкімшілік өкілдері мен имамдар бірлесе отырып, ауыл ақсақалдарын, ел ағаларын жинап, той, Құдай ас және жаназа мәселелерін талқылайтын аудандық дәрежеде жиын өткізуге уағдаласты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: