#Меркі ауданы: Имам-молдалар жиыны өтті

#Меркі ауданы: Имам-молдалар жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мен Меркі ауданында қызмет атқарып жүрген имам-молдалар кезекті жиналыста бас қосты. Жиында алда атқарылатын іс-шаралар талқыланды. Бас имам діни басқарманың қойылған талабы да, әр имамның жауапкершілігі де жоғары екендігіне тоқтала келіп, жұмысын жақсы атқарған имамдарға алғыс айтты.

Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы ауыл имам-молдаларына облыстан берілген тапсырмаларды түсіндіріп, бірқатар жұмыстар жүктеді. Атап айтсақ: мешіт ауласын таза ұстау, белгіленген жеті бағыт бойынша жұмыс атқару, имам-молдалардың білімін жетілдіру мақсатында ислам институтына екі айлық оқуға бару, қажылық сапарына бару жөніндегі мәселелер, алдымызда келе жатқан «Рамазан» айына дайындық жасау, қызметке үлкен жауапкершілікпен белсенділік танытып жұмыс атқару тапсырылды.

Жиналған имам-молдалар аудан имамының сөзін қолдап, бірлесіп жұмыс атқаратындарын айтты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: