«Бисмилләһ» сөзінің үстемдігі

«Бисмилләһ» сөзінің үстемдігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ибраһим Гүлшани хазіреттері бір күні шәкірттерімен сұхбаттасып отырған еді. Шәкірттердің бірі былай деп сұрады:

 – Ұстазым! Алла Тағаланың рахымдылығымен қабірдегі өлілердің азапта немесе нығмет ішінде екендігін білуге бола ма? Дұға ету арқылы бұлардың азабын тоқтатуға бола ма?

Ибраһим Гүлшани хазіреттері былай деп жауап берді:

–       Алла Тағаланың сүйген құлдарының бірі бір қабірге қарағанында қабірдегі адамның азап ішінде болғанын көреді. Арадан біраз уақыт өтіп, тәуәжжуһ етіп, тағы бір қарағанында азаптың тоқтағанын байқайды. Таңданысынан ойға түсіп кетеді. Сол кезде бір дауыс естіледі. «Бұл қабірде жатқан адамның кішкентай баласы бар еді. Анасы ол баланы ілім үйренуге жіберді. Бала «Бисмилләһир рахманир рахим» сөзін үйренгенінде, осы сөздің құрметіне әкесінің азабы тоқтатылды».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: