Иман және ұят

Иман және ұят

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жәбірейіл алейһиссалам ақыл, ұят және иманды Адам алейһиссаламға әкеліп былай деді:

–Ей, адам! Алла Тағала саған сәлемін айтты. Алып келген мына үш сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды.

Адам алейһиссалам:

–Әкелген бұл үш сыйлықтың ішінен ақылды қабыл алдым.

Жәбірейіл алейһиссалам иман мен ұятқа қарап:

–Сендер бара берсеңдер болады, – дейді.

Сонда иман оған:

–Алла Тағала маған ақыл қайда қалса, сен де сонда қал деп бұйырған. Сондықтан мен ақылдан айырылып кете алмаймын!

Ұят та:

–Алла Тағала маған да дәл солай бұйырған. Мен де ақылдан айырылып кете алмаймын!

Алла Тағала кімге ақыл берсе, ұятпенен иман онымен бірге болады. Ақылы болмаған адамның ұяты да, иманы да болмайды. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: