Ислам – бірлік діні

Ислам – бірлік діні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам сөзі – «амандық, есендік, мойын сұну, бағыну, берілу» ұғымын білдіреді. Яғни ислам амандық пен бейбітшілік діні деген сөз. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілген.  Бұл жайында Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол бауырына зұлымдық жасамайды және оны залымдарға тастамайды. Кім бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла да оның мұқтаждығын өтейді» (Бухари риуаяты).  

Міне, қазіргі таңда біз мұсылмандарға осындай  бауырмалдық қажет. Пенденің иман тұрғысынан кәмілдігі мен әлемнің тыныштығы жақсы мінез-құлықпен жүзеге асады. 

 Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, тек тақуалық пен діндарлықта ғана дәрежелері жоғары болады деген сеніммен әрекет етеді. Себебі Алла Тағала Құранда:  

 «Уа, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Сендердің бір-біріңнен артықтығың несібелеріңмен емес, діндар-тақуалықтарыңмен есептеледі» ("Хужурат" сүресі, 13 аят)

 Алла Тағала ел ішінде бүлік тудырып шатақ шығарудың қаншалықты үлкен күнәлі іс екендігін қатаң түрде ескертіп, «Фитна (бүлік) шығару адам өлтіруден де ауыр күнә» (Бақара сүресі, 217-аят) деп баяндайды. Яғни халықтың арасында әртүрлі іріткі фитналар тудыру, бүлікке алып баратын іс әрекеттерді жасау Исламда адам өлтіруденде ауыр қүнә болып саналады.

 Бір елде турып нанын жеп, суын ішіп отырғандықтан бір бірімізге әрдайым құрметпен қарап өзара жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек. Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шын мәнінде, мүминдер бір-бірімен бауыр сондықтан бір-біріне ренішті болған бауырларыңды татуластырыңдар. Алладтан қорқыңдар» деп бұйыруда.  бір-бірімізді жақсы көрмейінше шынайы мұсылман болып саналмаймыз. Бір-бірімізді жақсы көру дегеніміз, өзің үшін пайдалы болғанды өзгелерге де қалап өзің үшін зиянды болғанды өзгелерге қаламау хадисінде:

 «Сіздер иманға келмейінше жұмаққа кіре алмайсыздар. Ал бір-бірлеріңізді жақсы көрмейінше иманға келе алмайсыздар» делінген. 

Қазіргі таңда біз мұсылмандарға осындай  бауырмалдық қажет. Шынайы бауырластық бір-бірімізді жақсы көрумен болады. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа», – деп Абай жырлаған бабалардың ізін басқан ұрпақпыз.  Халқымызда: «Бірлік – береке бастауы» деген  нақыл бар.

Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел басшылары ежелден елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. 

 Ғайырфулла ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ

Жамбыл ауданының бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: