Омардың құтбасы және Әбу Бәкірге жаппай серт беру

Омардың құтбасы және Әбу Бәкірге жаппай серт беру

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әнәстің (р.а.) риуаяты бойынша: «Пайғамбарымыз бақилық болғанның ертесі күні Омар (р.а.) мінберге шығып, құтба айтты. Әбу Бәкір ләм-мим демей үнсіз отырды. Омар сонда бүй деді: «Мен Расулаллаһты бәрімізден кейін өмірден озатын шығар деп үміттенетінмін. Алайда, көріп отырсыздар, Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәллам) дүние салды. Бірақ, Алла мәңгілік.

Жолдарыңды нұрға бөлейтін кітап (Құран кәрім) түсірді. Хақ тағала осы нұр арқылы Мұхаммедті тура жолға бастады. Расында, Әбу Бәкір – Пайғамбарымыздың досы, үңгірдегі екі адамның бірі. Мұсылмандардың істерін басқаруға ең лайықтысы – сол. Тұрыңдар, тұрыңдар да, оған серт беріңдер!» Омардың осы құтбасынан бұрын кейбіреулер Бәни Сәидада серт беріп те қойған болатын. Ал жаппай серт беру мінберде жүзеге асты. Омар (құтбасын бітіргеннен кейін) Әбу Бәкірге «Мінберге шық» деп тұрып алды. Сөйтіп, Әбу Бәкір мінберге шығып, барша халық оған серт берді».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: